Біз барлық қазақстандықтарды осынау керемет мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! - поляк қызы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біз барлық қазақстандықтарды осынау керемет мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Барлықтарына бақыт, денсаулық, бірлік-береке тілейміз! - дейді поляк мәдени орталығының мүшесі Оксана Пекарская.

Біз барлық қазақстандықтарды осынау керемет мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! - поляк қызы

«Біз жыл сайын осы бір әдемі мерекені асыға күтеміз. Биыл да жатпай-тұрмай дайындалып, бүгін міне, барша қазақстандықтармен бірге тойлап жатырмыз», - дейді ол.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев этноауылды аралау барысында поляктардың тұрмыс-салты көрсетілген нысанды да тамашалады.

«Бүгін де жылдағы сияқты Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев дәл біздің қасымыздан өтті. Біз ол кісімен амандасып, бірге ән айтып, би биледік. Сондықтан өте көңілді әрі бақыттымыз!», - дейді О. Пекарская.