Біз барлық рұқсат беру құжаттарын бір заңға жинақтадық - «Атамекен» одағы

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда біз барлық рұқсат беру құжаттарын бір заңға жинақтап шықтық. ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы

Біз барлық рұқсат беру құжаттарын бір заңға жинақтадық - «Атамекен» одағы

 Абылай Мырзахметов осылай айтты.

«Бізде лицензиялау және рұқсат беру жүйесі әрбір министрліктің салалық заңдарында және тағы басқа ортақ заңнамаларда бар. Елбасы осының бәрін бір заңға жинақтауды тапсырды. Осы мәселе әлі күнге дейін орындалмай келеді. Осыған орай, бүгінгі таңда «Атамекен» одағы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеп қойды. Осы айдың соңында Үкіметте құжаттың таныстырылымын жасауды жоспарлап қойдық. Негізгі міндет - барлық рұқсат беру құжаттарын бір заңға жинақтау. Ол заңда рұқсат беру құжаттарының нақты тізімі болуы шарт. Содан бөлек рұқсат беруді қамтитын барлық заңдарға мораторий жариялау қажет. Міне, сонда ғана шенеуніктер рұқсат беру құжаттарының санын қолдан көбейте алмайды. Үкіметтен кейін біз аталған заңды Парламент Мәжілісіне енгізуді көздеп отырмыз», - дейді А.Мырзахметов.