Біз бауырлас Қазақстанның барлық жетістіктеріне қуанамыз - Кония түрік провинциясының губернаторы М. Эрол

ЫСТАМБУЛ. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Түркияның рухани ислам мәдениеті және тарихи орталықтарының бірі болып табылатын Кония провинциясында Қазақстанның сол елдегі Республикасындағы елшілігінің қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 22 жылдығы кеңінен атап өтілді.

Біз бауырлас Қазақстанның барлық жетістіктеріне қуанамыз - Кония түрік провинциясының губернаторы М. Эрол

Мерекелік іс-шаралар Кония қаласында Қазақ мәдени орталығының ресми ашылуымен басталды. Орталықты ашқан елші Ж.Түймебаев қазақ халқының бай материалдық және рухани мәдениетін дәріптеудің маңыздылығын атап айтты. Ол Кония провинциясының басшылығына аймақтағы қазақ диаспорасына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Ашылу салтанатына аудан әкімшілігінің басшысы Мерам Ирфан Кенаноглу, қазақ мәдени орталығының басшысы Абдуллах Учар, провинцияның қоғамдық-саяси қайраткерлері, қазақ диаспорасының өкілдері, аудан тұрғындары қатысты.

Кония провинциясында 80-ге жуық этникалық қазақ отбасылары тұрады және 60-тан астам қазақстандық студент оқиды.

Мерекелеу шеңберінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай қабылдау ұйымдастырылды, елші Ж.Түймебаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктері мен екіжақты қарым-қатынастың жай-күйімен таныстырды. Ол, сондай-ақ, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекеттіліктің және демократиялық институттардың берік іргетасы салынғанын баса айтты.

Қабылдауға, сондай-ақ, провинция губернаторы Муаммер Эрол, қала әкімі Тахир Акйюрек, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсембай Еңсегенов, «Қазақстан» РТРК» АҚ корпорациясы басқармасының төрағасы Қайнар Олжай, «Наз» мемлекеттік би театрының директоры Самат Тергембаев, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мәдени және рухани даму институтының директоры Бекжан Әбдуалиұлы, Түркияның бірқатар зиялылары, қазақ диаспорасының өкілдері, мәдениет қайраткерлері және студенттер қатысты.

Қабылдауда сөз алған Кония провинциясының губернаторы М.Эрол Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі өте қысқа тарихи кезеңде жеткен жетістігін жоғары бағалады. Ол Түркия мен Қазақстанның өзара қарым-қатынасының барлық бағытта жүйелі дамып келе жатқанын ризашылықпен атап өтті.

«Біз аймақтық және халықаралық ауқымдағы көптеген маңызды интеграциялық үрдістердің бастамашысы болып табылатын бауырлас Қазақстанның барлық жетістіктеріне қуанамыз. Мен бұған біздің елімізде сүйікті және құрметті Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың көп еңбегі сіңгеніне сенімдімін!», - деп сөзін түйіндеді губернатор М.Эрол.

Бағдарламаны жалғастыра келе, ҚР-ның ТР-дағы елшісі Ж.Түймебаев және провинция басшылығы Қазақстан және Түркия елдерінің әр аймағынан балуандардың қатысуымен «Қазақша курестен» Турция чемпионатын ашты.

Қатысушылар назарына Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері туралы бейнефильм, қазақ-түрік қатынастары туралы фотосурет көрмесі және елшіліктің түрік тіліне аударған кітап көрмесі, соның ішінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың таңдамалы шығармалар жинағының көрмесі ұсынылды.

Іс-шаралар Кония аймағы қоғамының Қазақстанға деген қызығушылығын оятты.