14:29, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
«Біз бір ел, бір халықпыз!» атты баспасөз мәжілісі өтеді
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең елордада «Біз бір ел, бір халықпыз!» атты баспасөз мәжілісі өтпек.

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтетін шара Рухани келісім күні аясында ұйымдастырылып отыр.
«Адамзат өмір сүру жағдайын жақсарту қажеттілігін аса айқын сезінуде. Әлемде болып жатқан табиғи апаттар мен әлеуметтік өзгерістер, діни қақтығыстар жер бетінің барлық тұрғындарын алаңдатып, болып жатқан ғаламдық өзгерістерге терең мән беру керектігін көрсетіп отыр. Табиғи апаттардан басқа әлемді экономикалық дағдарыс, геосаяси және дінаралық қақтығыстар алаңдатуда. Ең қауіптісі әдеп - ғұрыптарымызға негізделген рухани құндылықтарымыздың жойылуы», - делінген хабарламада.