Біз «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» идеясын қолдаймыз - ҚР әзірбайжан мәдениет орталықтары одағының президенті

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының бірлігі күні біздің отбасымыз үшін ең негізгі мерекелердің бірі. Бұл жөнінде Қазақстанның әзірбайжан мәдениет орталықтары одағының президенті, халықаралық қоғамдық-саяси «Тұран Times» газетінің бас редакторы Видади Салахов айтты.
None
None

«Отандастарымды және Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі күн бізге берілген тағдырдың сыйы, сондықтан дәл бүгін біз ортақ отанымыз - Қазақстанға деген ыстық сезімімізді арнаймыз. Елбасымыз айтқандай, біз бір халықпыз, бір елміз, бір тағдырмыз. Біздің елімізде барлық ұлт өкілдері тең, барлық ұлыстың мәдениеті дамуда. Осының арқасында біз өз дәстүрімізді, тіліміз бен дінімізді өрістетіп отырмыз. Бұл түрлі ұлттардың достығы «қазақстандық халық» деген ортақ атқа ие әдемі гүл дестесі іспеттес, - дейді Видади Салахов.

Оның айтуынша, Қазақстан халқының бірлігі күнін туыстарымен және достарымен дастарқан басында атап өту дәстүрге айналған. «Біз жаңа ғана «Қазақ елі» монументі алаңынан келіп жатырмыз. Қазір туыс-туғандар, дос-жарандар қонаққа келеді. Сосын барлығымыз дастарқан басына отырып, тойлаймыз, өйткені бұл біз үшін ең маңызды мерекелердің бірі», - деп қосы ол.

В. Салаховтың айтуынша, Әзірбайжан мәдениет орталығы бүгін қайырымдылық шарасын өткізеді. Олар балалар үйлеріне, қарттар үйіне, Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар тапсыруды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар