«Біз біргеміз»: Нұр-Сұлтанда 40 мың отбасына тегін медициналық маскалар беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда «Біз біргеміз» акциясы аясында 40 мың аз қамтылған отбасыға тегін медициналық маскалар жиынтығы беріледі.

«Біз біргеміз»: Нұр-Сұлтанда 40 мың отбасына тегін медициналық маскалар беріледі

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабына сілтеме жасап хабарлайды.

«Әр жиынтықта 50 қорғану құралы бар. Аталған жұмысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының қолдауымен волонтерлер ұйымдары бірлесіп қолға алған. Бұған дейін акция аясында 5 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті мен гигиеналық құралдар жеткізілді»,-делінген хабарламада.