Біз бірлігі мығым, халқының тұрмысы жақсы, бейбітшілікті ту еткен Отанымыз - Қазақстанда өмір сүріп жатқанымызды мақтан етеміз - Т.Ширмер
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біз бірлігі мығым, халқының тұрмысы жақсы, бейбітшілікті ту еткен Отанымыз - Қазақстанда өмір сүріп жатқанымызды мақтан етеміз.
Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы аясында республикалық «егемен қазақстан» газетіне берген сұхбатында Астана қаласындағы «оберег» украин этномәдени бірлестігінің жетекшісі Тамара Ширмер айтты.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын қалай айтсаң да жарасады. Оның аясында «Оберег» украин этномәдени бірлестігі де көптеген игі істердің ұйытқысы болып жүр. Біз түрлі мәдени-рухани, қайырымдылық шараларын өткізуде ешкімнен кенде қалған емеспіз. Мұның бәрі Қазақстанның дамуына, алға жылжуына аз да болса өз үлесімізді қоссақ деген ыстық ықыластан туындайтынын айтқым келеді.
Біз бірлігі мығым, халқының тұрмысы жақсы, бейбітшілікті ту еткен Отанымыз - Қазақстанда өмір сүріп жатқанымызды мақтан етеміз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа, қазақ халқына алғысымыз шексіз. Осындай мемлекеттің азаматы болу - біз үшін тағдырдың сыйы.
Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуеті арта берсін. Ынтымақ үшін, бірлік үшін жасалған әрбір қадамымыз жемісті болғай! Қысқасы, бірлік, татулық - қасиетті ұғымдар. Оны қастерлей білуіміз керек. Қазақ «Бірлік, бірлік түбі - тірлік» деп тегіннен-тегін айтпаған. Мұны ұққан - ірілік», - деді Т.Ширмер.