Біз бүгін болашақ үшін жұмыс істеп жатырмыз - "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біз қазір болашақта Қазақстанда энергия тапшылығын болдырмау мақсатында жұмыс жасап жатырмыз. Бұл бүгін Алматыда "ҚазТрансГаз" АҚ мен қала әкімдігі арасындағы меморандумға қол қою рәсімі кезінде айтылды,

Біз бүгін болашақ үшін жұмыс істеп жатырмыз - "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қуат көзіне деген тапшылықты болдырмау үшін бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Біріншісі, 2011 жылы іске қосылатын қуаты 300 Мвт. болатын Мойнақ ГЭС-і, құны - 380 миллион доллар. Оның 200 миллионы Қытай Даму банкінің, 100 миллионы Қазақстан Даму банкінің несиелері, ал қалғаны инвесторлардың өз қаражаты. Екінші жоба, құрылысы биыл басталып 2014 жылы іске қосылатын, қуаты 525 Мвт. болатын "Екібастұз ГРЭС-2-нің 3-ші блогы. Жоба құны 580 миллион доллар. Қазір Еуразиялық Даму банкі мен Ресейдің Сыртқы банкімен несие келісімі жасалуда.", дейді Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Есберген Әбітаев. Оның айтуынша, бұл екі жобаға бюджет қаражаты жұмсалмайды. Ал аса маңызды үш жобаның ішіндегі ең ірісі - 1-ші модулі 2015 жылы іске қосылатын Балқаш ЖЭС. Оның қуаты 1320 Мвт, ал жоба құны 2 миллиард 500 миллион доллар. Қазір инвестормен келіссөз жүріп жатыр. Жобаның 30 пайызы акционерлер тарапынан, ал қалған 70 пайызы заем есебінен қаржыландырылады.