Біз бұл сайлауда тек Президентті емес, өз болашағымызды да сайлаймыз - Рахман Алшанов

АЛМАТЫ. 31 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сайлауға қатысу - әр азаматтың жауапкершілігін айқындайтын жауапты сәттің бірі. Бұл жөнінде бүгін Алматыда өткен «Алматылықтар: болашақтың сайлауы» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.

Біз бұл сайлауда тек Президентті емес, өз болашағымызды да сайлаймыз - Рахман Алшанов

«Елбасын сайлау барлық елде де маңызы зор үлкен оқиға. Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде үлкен дау-дамайлар шығып жатыр. Оның негізінде осы мемлекеттердегі түрлі сайлауларда кезінде халықтың дауысының дұрыс саналмай, оған жеткілікті мән берілмей, дұрыс саясат жүргізбеу жатыр. Онда әрбір азамат өзі жауапкершілік көрсетуі керек», - дейді экономика ғылымының докторы Рахман Алшанов.

Оның айтуынша, 3 сәуірде Қазақстанның сайлауда дауыс беру құқы бар барлық азаматтары өз мүмкіндігін іске асыруы керек. Өйткені онда Президент қана емес, бүкіл бір елдің болашағы сайланады.