Біз дағдарыстың салдарымен күреске бағытталған қаржының тиімді пайдаланылуына байланысты жүктелген міндеттерді орындадық - үйлестіру кеңесі
Бүгін еліміздің құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысында Бас прокурор Қайрат Мәми осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, ұлттық қордан бөлінген 1 триллион 200 миллиард теңгені игеруге екінші деңгейлі банктерді қоса алғанда ондаған мемлекеттік құрылымдар тартылды. «Бұл ретте біздің алдымызда бірінші кезекте аталған құрылымдардың барлығының қызметін ұйымдастыра білу міндеті тұрды. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде дағдарысқа қарсы бағытталған қаржының белгіленген уақытта әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етілді. Қаржыны игеру барысында айтарлықтай заң бұзушылықтар немесе оны талан-таражға салу оқиғалары болған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Біз бұл ретте бақылау тетіктерін әлі де болса жетілдіру түсуді көздеп отырмыз», деді Қ.Мәми.