Біз ЕҚЫҰ-ны дағдарыстан шығардық және жаңа парадигманы анықтадық -Н.Назарбаев
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Біз ЕҚЫҰ-ны дағдарыстан шығардық және жаңа парадигманы анықтадық. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев Университетінің» студенттерінің сауалдарына берген жауабында айтты.
«ЕҚЫҰ Саммиті өте маңызды болды. Мұндай қуатты халықаралық ұйым он бір жыл бойы бас қоспаған. Бұл Ұйымның тоқырауға немесе дағдарысқа ұшырауы еді. Біз Ұйымды дағдарыстан шығардық және парадигманы анықтадық. Менің ойымша, саммитке қатысқан барлық мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары қанағаттанарлық сезіммен аттанды, себебі Ұйым тарап кеткен жоқ, ол барша халық үшін, бейбітшілік үшін, тыныштық пен қауіпсіздік үшін қызмет ететін болады», деді Н.Назарбаев.
Президент Астана Саммитінің өте жоғары баға алғанын жеткізді.