Біз халықаралық «Тур Алматы» веложарысын жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз - А. Есімов

«Александр Винокуров Алматы әкіміне Қазақстанда алғашқы велотур өткізуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Ол аталған спорттық шараның халықаралық спорттық қоғамдастықта оң өзгеріс туғызғандығын жеткізді.
UCI эксперттері атап өткендей, трасса мен жарысты ұйымдастыру өте жоғары деңгейде болды. Велоспорт әлеміндегі мұндай есте қаларлық оқиғадан кейін бұдан да жоғары жарыстарды өткізуге мүмкіндігіміз мол», - деді Александр Винокуров.
Александр Винокуров 2017 жылғы Әлем чемпионатын өткізуге ең қолайлы орын Алматы деп атап өтті.
«Әкім ретінде маған қалалықтардың бұл спорттық шараға деген оң көзқарасын бақылау әрі аңғару жақсы әсер қалдырды. Олардың бойын мақтаныш сезімі кернеп, қазақстандық командалар үшін жанкүйер болды. Бұдан былай «Тур Алматы» веложарысын жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Ахметжан Есімов.
Бүгін қала басшысы UCI кеңесшісі Джек Ватсоннан ерекше хат алды. Ол өзінің хатында Велосипедшілер Халықаралық Одағының комиссар президентінің веложарыстың өтуіне өте риза екендігін жазыпты.
«Мен «Тур Алматыны» өзім қатысқан веложарыстардың ішіндегі ең қауіпсіз әрі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған спорттық шара ретінде қабылдадым», - деп атап өтіпті UCI комиссар-президенті атынан Джек Ватсон.
«Тур Алматы» - UCI аясында өткен бір күндік 1,2 категориядағы веложарыс. Оған әлемнің 20 елінен 20 команда қатысты. «Тур Алматының» жеңімпазы - қазақстандық құраманың ойыншысы Максим Иглинский. Екінші орында - Сонни Солберелли Bardiani Valvole - CSF Inox-тан, үшінші орындв қазақстандық Руслан Тілеубаев иеленді.