Біз індетпен күреске дайынбыз, бірақ ауырмаған жөн – Тимур Мұратов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Тимур Мұратов мереке қарсаңында астаналықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі жағдай қалыпты, артық салмақ түсіп отырған жоқ. Дегенмен, құрметті қала тұрғындары мен қонақтарына айтар өтінішім, алда келе жатқан мейрамдар бар. Бір-бірімізге қонаққа бару дәстүрімізде бар деген. Ресторан, кафе, караоке-бар дегенді азайтқан жөн. Адамға негізгі керегі, негізгі байлығы – денсаулық. Қанша дәрігер, қанша аурухана дайын болса да, ауырмаған дұрыс қой. Сондықтан барлықтарыңызды сақ болуға шақырамын. Алда келе жатқан ұлы маңызды мейрам – Тәуелсіздік күнімен баршаңызды құттықтаймын!», - Т. Мұратов Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен брифингте.
Бұған дейін Тимур Мұратов ЖРВИ белгілері байқалған жағдайда не істеу керектігін түсіндірген еді.
Сонымен бірге, спикер қай санатқа ПТР-тестілеу тегін жасалатынын айтып берді.