«Біз институционалдық даму банктеріне маңыз береміз» - Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі А.Машкевич

ҚОСТАНАЙ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «Біз институционалдық даму банктеріне маңыз береміз», - дейді Табиғи ресурстардың еуразиялық корпорациясының (ENRC) акционері Александр Машкевич.

«Біз  институционалдық   даму банктеріне   маңыз  береміз» -  Шетелдік  инвесторлар  кеңесінің мүшесі А.Машкевич
Бұл туралы А.Машкевич Қостанайда өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, Табиғи ресурстардың еуразиялық корпорациясының бөлімі - ENRC Logistics компаниясы жүргізіп жатқан «Қорғас-Жетіген» жаңа теміржол желісінің құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруда компания мен «Қазақстан темір жолының» арасындағы өзара қарым-қатынастармен байланысты проблемалар бар. Концессионер кірісінқалыптастыру мен инвестицияларды қайтарудың тетігі осы мәселеге тәуелді болып отыр. «Сонымен бірге, концессия келісімшарттары бойынша теміржол көлігі нысандарымен темір жолдардың қызметтері үшін төлемақыны реттеу жөніндегі құжаттар пакетін Табиғи монополияларды реттеу агенттігі деңгейіндеәзірлеп, бекіту қажет», - дейді А.Машкевич. А.Машкевич өз сөзінде сондай-ақ концессиялық жобаны қаржыландырумен байланысты тағы бір өзекті мәселелеге тоқталып өтті. «Біздің жобаны қаржыландырудың оңтайлы жолы ретінде несиегерлер концессионерлермен тікелей шарт жасасатын «клубтық» қаржыландыру жүйесі анықталып отыр. Бұл модель, синдикатталған заемның дәстүрлі үлгісімен салыстырғанда, несиегерлердің тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Оған қоса, қаржылық клубтарға қосу үшін институционалдық банктерге маңыз беру туралы шешім қабылданды», - деп мәлім етті өз сөзінде А.Машкевич.