Біз кәсіби бокспен айналысамыз - ХБҚ президенті Чинг-Куо Ву

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Жылдың аяғында біз кәсіби бокспен айналысамыз. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Чинг-Куо Ву мәлім етті.

Біз кәсіби бокспен айналысамыз - ХБҚ президенті Чинг-Куо Ву

Оның хабарлауынша, бүгін елордада өткен Халықаралық бокс қауымдастығының кезектен тыс отырысы барысында кәсіби бокс мәселесі талқыланды. «Ағымдағы жылдың соңында біз кәсіби бокспен айналыса бастаймыз. Осыған орай, біз жекпе-жектердің ережелерін жан-жақты талқылап шықтық», - дейді Чинг-Куо Ву. Сондай-ақ Астанадағы отырыста Оңтүстік Кореяның бокс қауымдастығын ұйым қатарына қайта қабылдау туралы шешім қабылданды.