Біз Қазақстан боксымен таныспыз - «Париж юнайтед» командасының бас бапкері

ГУЯНГ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Біз Қазақстан боксымен таныспыз.
None
None

Ертең Қытайдың Гуянг қаласында Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында "Астана арландары" және «Париж юнайтед» командалары арасында өтетін матчқа байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында «Париж юнайтед» командасының бас бапкері Жирар Луреро осылай айтты.

«Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық сайысында бақ сынағалы отырған қарсыластарымыз «Астана арландарының» жекпе-жектерін ғаламтордан көрдік. Қазақстан боксымен де жақсы таныспыз», - дейді Жирар Луреро. Оның айтуынша, «Париж юнайтед» командасындағы былғары қолғап шеберлерінің бәрі жеткілікті деңгейде дайындықтан өтті. Олар бір-бірін ауыстыра алады. Тек бір ғана боксшының тәжірибесі аздау. Бұл олардың жеңіске жетуіне кедергі бола алмайды.

Соңғы жаңалықтар