Біз Қазақстан халқының бірлігі күнін бір отбасыдай мерекелеудеміз - Яннат Низамутдинова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы «Дослық» Татар мәдени орталығының Яннат Низамутдинова татар диаспорасының атынан барша қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтады.

Біз Қазақстан халқының бірлігі күнін бір отбасыдай мерекелеудеміз - Яннат Низамутдинова

«Қазақстан халқының бірлігі күні - керемет мереке. Жақында ғана кезектен тыс президенттік сайлау аяқталды, енді біз жарқын мерекеміздің тойын қарсы алудамыз. Қазақстанның барлық ұлттары мен этностары бейбітшілікте, достықта, өзара сүйіспеншілікте тұрады. Біз бір үлкен отбасындай, өзіміздің тамаша елімізде тату тұрып жатырмыз және бір отбасындай осы мерекені тойлап отырмыз», - деп атап өтті ол «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.

Яннват Низамутдинованың сөзі бойынша, «Дослық» орталығы бұл мерекені ертең де тойлайтын болады. «Астанадағы өзге этномәдени бірлестік мүшелері шақырылып, бір шаңырақтың астында, бір дастархан басында татарлардың ұлттық тағамдарынан дәм татамыз», - дейді ол.