Біз қазақстандық ғалымдардың ТМД елдерінде жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобаларына қатысуын қаржыландыруға әзірміз - Н. Назарбаев

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан отандық ғалымдардың ТМД елдерінде жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобаларына қатысуын қаржыландыруға әзір.
None
None
Бүгін Астанада өтіп жатқан Университеттердің еуразиялық қауымдастығының ХІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бізге елдеріміздің рыноктарында, басқа да өңірлерде инновациялардың қозғалысын ынталандыратын механизмді ойластырған жөн. Өз тарапымыздан біз қазақстандық ғалымдардың Ресейде, Украинада және ТМД-ның басқа да елдерінде жүзеге асырылып жатқан зерттеу жобаларына қатысуын қаржыландыруға дайынбыз», деді Елбасы. Н. Назарбаев Еуразия кеңістігінің баянды дамуы үшін бай интеллектуалдық мұраны үдету, жинақталған білімді пайдалану, оны тоқтаусыз жүзеге асыру бүгінде ортақ міндет екенін қадап айтты. «Өздерінің әлеуетін іске асыру үшін біз ғылыми қоғамдастыққа қолдау көрсетуіміз керек. Сондықтан да 2010 жыл ТМД-да ғылым мен инновация жылы болып жарияланды. Ғалымдардың еуразиялық клубы аясында ғылым қайраткерлерінің өзара іс-қимылын дамыту қажет. Жоғары технологиялар орталығы, Жаңа технологиялардың еуразиялық банкі ТМД кеңістігіндегі барлық мүдделі зерттеу орталықтарымен ынтымақтастыққа ашық болуы тиіс», деді Мемлекет басшысы.Елбасы таяу уақытта бірлескен жобаларды, оның ішінде ғарышты, жаңа материалдарды, нанотехнологияларды, ақпараттық қоғам технологиясын, сондай-ақ энергетика мен энергия үнемдеуді зерттеуде нақты, барынша перспективалы бағыттарды анықтау қажеттігін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар