«Біз Қазақстанға инвестициялаймыз!» бейнеролигін әлем бойынша 350 млн.-нан астам адам тамашалайды
Бейнероликтің тапсырушылары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитеті мен осы министрліктің KAZNEX INVEST Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі, деп жазды «Казахстанская правда» газеті бүгінгі санындағы «Видео о Казахстане - в мировой трансляции» атты материалында.
Бейнеролик әлеуетті инвесторларды елдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру үшін жасалды. Ease Doing Business 2012 рейтингісінде Қазақстан бір жылдың ішінде 58-ші орыннан 47-ші орынға көтерілді, 2010 жылы республика 63-ші орында тұрған еді.
Роликтің көрсетілімі ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады. Бұл уақыт аралығында Қазақстан туралы 30 секундтық видеоны CNN арнасының Еуропа, Таяу Шығыс, Африка және Азия елдерінде тұратын көрермендері көретін болады. Euronews роликті бүтін әлем бойынша таратса, Bloomberg - АҚШ пен Еуропа елдерінің аумағында көрсетеді. Осылайша, бейнероликті әлем бойынша 350 млн.-нан астам адам көреді деп күтілуде. Роликтің барлығы 1,1 мың көрсетілімі жоспарланған.
Халықаралық көрсетілім аяқталған соң бейнеролик www.invest.gov.kz Ұлттық инвестициялық веб-сайтына орналастырылады.