18:03, 16 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Біз Қазақстанмен ынтымақтасуға дайынбыз - «Тойота Цуше» корпорациясының вице-президенті
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбек «Тойота Цуше» корпорациясының вице-презилденті Таканаши Кенджи мырзамен кездесті, - деп хабарлады палата баспасөз қызметінен.

«Қазақстан Қиыр Шығыс өңірдегі экономикалық және саяси әріптесі болып табылатын Жапониямен қарым-қатынасты дамытуға ерекше маңыз береді», - деп атап өтті Ә.Жолшыбеков
сондай-ақ кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Жапония арасында барлық салада, оның ішінде саяси да, экономикалық да өзара байланыстың дамып келе жатқандығын атап өтті.
Өз кезегінде шетелдік мейман кешелі бері Қазақстан үкіметінде болып, жүзеге асырылмақ жобаларды мәлім еткендігін атап өтті. Сонымен қатар ол ендігі уақытта аталған мақсаттар үшін қазақ еліне инвестиция салып, экономикаға батыл қадам жасауды көздеп отырғандықтарын жеткізді.