Біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның басқару ісін сәтімен жүзеге асыратынына сенеміз - Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясы

АНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Александр Судьин Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті Мевлют Чавошоглумен кездесті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүздесуде тараптар Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен оның  тарихына қатысты кең ауқымды мәселелер жөнінде өзара пікір алмасты.

Сенат төрағасы орынбасарының сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясы арасында арнайы келісімге қол қойылғаннан бері тараптар арасындағы байланыс сенім мен өзара түсіністік негізінде дамып келеді. «Біз Ассамблеяны еуропалық кеңістіктегі маңызды әріптестердің бірі деп қабылдаймыз. Осыған қарай біздің Парламенттің депутаттары оның сессиялары мен өзге де жиындарына белсенді атсалысып келеді.  Біз сіздердің елімізге келудегі мақсаттарыңызды жақсы түсінеміз. Жалпы, бұл мәселе, яғни 1932-1933 жылдардағы ашаршылық  Кеңес Одағының құрамында болған барлық елдерге қайғы мен қасірет әкелді. Оның ең көп зардабын әсіресе Қазақстан халқы көрді. Өйткені біз үшін ол мыңдаған адамдардың өлімімен байланысты үлкен зобалаң болды. Әрине, бұл зұлматтың себептерін саралайтын болсақ, олар өте көп және ол жүйелі. Бұл дұрыс жүргізілмеген ұжымдастыру. Бұл қазақтарды олардың басты азық-түлік көзі болып табылатын малынан айыру сияқты шаралар. Осындай әрекеттердің салдарынан елімізде  тарихшылардың мәліметтерінше 2 миллионға жуық адам қырылды.

1 миллион адам өзге елдерге кетуге мәжбүр болды. Қазақстанда осы кезеңде 40 миллион бас мал болған. Ол 3 жылдың өзінде 10 есеге азайып кетті. Ал қазақтардың саны 40 пайызға кеміді. Біз елді осындай жағдайға жеткізген биліктің саясатын қатты айыптаймыз», деді  депутат.

Кездесуде Мевлют Чавошоглу Қазақстанның Еуропамен ықпалдасу бағытындағы бастамаларын толық қолдайтындығын білдірді. «Сондай-ақ біз Қазақстанның халықаралық бағытта атқарып жатқан шараларын да қолдаймыз және сіздер Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқару ісін сәтімен жүзеге асырады деген сенімдеміз. Мен кез-келген кездесуде болсын, кез-келген шарада Қазақстанның төзімділік пен ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы атқарып жатқан істерін үлгі етіп жүремін», деді мәртебелі мейман.

Соңғы жаңалықтар