13:39, 28 Ақпан 2012 | GMT +5
Біз көбіне-көп теңгеге сенім артамыз - «Астана» ЗЖҚ» АҚ-ның басқарма төрағасы
АЛМАТЫ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Теңгенің құнсыздануы жүріп жатқан жоқ. «Астана» зейнетақы жинақтау қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Андрей Карягин бүгін Алматыда 2011 жылдың қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында осылай айтты.

«Кез келген қор соңғы нәтиже үшін жұмыс істейді. Акциялар нарығында корпоративтік облигациялармен ғана жұмыс жасамаймыз. Бізде халықаралық акциялар пакеті де бар. Негізінен халықаралық қаржы нарығында жұмыс жасаймыз. Өйткені Қазақстанның қор нарығы әзірге инвестицияларды белсенді басқаратын деңгейде емес», - дейді А. Карягин. Оның айтуынша, «Астана» зейнетақы жинақтау қоры валюталық саясатта теңгеге сенім артады. Оған елдегі валюталық саясаттың барынша теңдестіргенінен және ішкі нарықта үлкен көлемде алыпсатарлық пиғылдың жоқтығы ықпал еткен. Өйткені Қазақстанда инвесторлардың алыпсатарлық әрекетпен пайда табу мүмкіндігі барынша төмендетілген.