Біз «Мәңгілік Ел» идеясын қолдаймыз - «Вайнах» ҚҰ төрағасы С. Героев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біз Президенттің «Мәңгілік Ел» идеясын қолдаймыз, бұл біздің мақтан тұтатын ұлттық идеямыз, гүлденген мемлекетіміздің ұмтылар бағыты, дейді «Вайнах» ҚҰ төрағасы С. Героев.
Бұл туралы strategy2050.kz сайты хабарлады.
«Вайнах» ҚҰ төрағасының пікірінше, осыдан 19 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ халқының және өзге этностардың мәдениетін паш ететін құрылым. «Ассамблеяның аймақтардағы филиалдарының арқасында қоғамдық этнос өкілдері бір жерде бас қосқандықтан бір жеке тұтас дүниеге айналды. Бұл Ұлт көшбасшысының еңбегі».
Қысқа тарихи уақыт аралығында экономикалық , саясаттық, әлеуметтік жұмыс жүргізіліп, «Қазақстан жолы» даму пішіні туды. Бұл барлық елге үлгі ретінде жоғары бағаланады.
«Біз қазақстандықтар бір халықпыз. Біз Президенттің «Мәңгілік Ел» идеясын қолдаймыз. Тәуелсіздік жылдары әрбір этнос үшін қолайлы жағдай туғызылып, олардың дамуына тамаша мүмкіндік жасалды», -дейді С. Героев.
Қоғам қайраткері атап өткендей, бүгінгі таңда Астанада шешен-ингуш ансамблі жұмыс істейді, шешен биін, салт дәстүрін дәріптейтін спорттық клуб та бар. Кәсіпкерлер бастамасымен Кунта Қажы атындағы мешіт те тұрғызылды.
«Вайнах» ҚҰ өкілдері қоғамдық -саяси өмірге белсенді араласады.