Біз мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуін қолдаймыз - Дэвид Оуэн
АТЫ. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру - инвестиция тартудың бір көзі.
Бұл жайлы бүгін Алматыда Халықаралық валюта қорының Кавказ бен Орталық Азия елдерінің экономикалық дамуы туралы болжамына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
"Біз нарыққа шығуға дайын болған кезде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуін қолдаймыз. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ішкі нарықта ұсынылатын болса, үй шаруашылығындағы көптеген адамдар мен кәсіпорындар үшін инвестициялаудың жақсы көзі бола алады. Ол сыртқы инвесторлар үшін де өте тартымды. Бұл Қазақстандағы дамудың өте дұрыс және маңызды факторы бола алады", - дейді Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс пен Орталық Азия елдері бойынша департаменті директоры орынбасары Дэвид Оуэн.