Біз миллиондаған жаңа жұмыс орындарын құрамыз - ҚР Президенті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Жеңімпаздар форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы жылдары Қазақстанның алдында қандай міндеттер тұрғанын айтып берді.
«Сайлау шаралары аяқталды. Енді нақты жұмыстардың кезегі келді. Біз атқаратын жұмыстарымызды білеміз. Сайлау алдындағы компания барысында мен ұсынған реформаларды түсіндіру жүргізілді. Қазақстанның индустрияландыруын аяғына дейін жеткізіп, екінші экономиканы құруымыз керек, табыстың жаңа сапасымен және адамдардың біліктілігімен миллиондаған жаңа жұмыс орындарын құруымыз қажет. Бұл біріншіден», - деді Елбасы.
Мұнымен қоса Президент «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырып, барша Қазақстан бойынша жолдар желісін салып, сапалы автокөлік және темір жолдарды, электр желілерін іске қосу қажеттігін атап өтті. Осы арқылы еліміздің экономикалық байланыстарын тағы жандандырып, Қазақстанды транзиттік мемлекетке айналдыру жұмыстары атқарылады.
«Мен бес жаңа институционалдық реформаларды ұсындым. Осының негізінде бизнес дамып, бизнестің еркіндігі қамтамасыз етіледі. Бизнес қолдауға ие болуы тиіс, ешкім де жеке меншікке күдік ұялатпауы тиіс»,- деді Елбасы.
Мемлекет басшысы бұл жаңа кезең екенін, алдағы күрделі жұмыстарды барша халық бірге еңсеруі тиіс екенін атап өтті.
Форум барысында Н.Назарбаев қазақстандықтарға жаңа мақсаттарды іске асыруда табыстар тіледі.
«Біз елімізде бірлікті ұстанамыз. Біз Қазақстанның айналасындағы және барша әлемдегі одақтастарымыз бен серіктестеріміздің алдында өзіміздің міндеттерімізге берік боламыз. Өзімізде бейбітшілікті нығайтамыз, еліміз бен барша әлемдегі бейбітшілікке ықпал етеміз», - деді Президент.