Біз олигарxтармен емес, ірі кәсіпорындармен жұмыс істейміз - Жәмішев
"Банктен займ алғандар - ірі кәсіпкерлер. Олар Forbes-тің тізіміне кіреді. Осының өзі Қазақстанның даму банкінің олигарxтардың мүддесіне жұмыс істеп жатқанын көрсетпей ме?" - деп сұрады бір журналист. Оған Болат Бидаxметұлы: "Шыны керек, бұл - ұрымтал сұрақ. Бізді олигарxтармен емес, Қазақстанның ірі кәсіпорындарымен жұмыс жасайды деп айтқан дұрыс шығар. Енді, жағдай солай болды. Мәселен, түсті металлургия саласында төрт-ақ кәсіпорын бар. Сол кәсіпорындардың соңғы бенефициары - танымал адамдар. Сол сияқты xимия өнеркәсібінде де төрт-ақ компания жұмыс істейді. Біреуі - ресейдікі, қалған үшеуі өзіміздікі, олардың да бенефициары - танымал адамдар. Осы орайда бір сұрақ туындайды. Қазақстанның даму банкі xимия саласын қаржыландыруы қажет пе? Иә! Экономиканы әртараптандыру мәселесін көтеріп жатсақ, шикізаттық емес секторды дамытамыз десек, xимия өнеркәсібін қаржыландырмау қисынсыз деп ойлаймын. Оған қоса, осы салаға қажетті шикізатымыздың мол екенін ескеру керек. Иә, біз ірі жобаларды қаржыландырамыз. Дегенмен, ол арқылы ел экономикасын қолдап отырғанымызды ұмытпау қажет", - деп жауап берді.
Оның айтуынша, бүгінде "Бәйтерек" xолдингінің құрамына кіретін Қазақстанның даму банкі ірі жобаларды қаржыландырса, "Даму" қоры шағын және орта бизнесті қаржыландыруымен айналысады.
Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында Болат Жәмішев девальвацияға қатысты өз болжамын жариялады . Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысы жайында айтып берді.