Біз өз болашағымызды Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен, оның алға қойған саясатымен байланыстырамыз - «Алеф» еврей этно-мәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Н. Горбунов

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Біз өз болашағымызды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, оның алға қойған саясатымен байланыстырамыз.

Біз өз болашағымызды Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен, оның алға қойған саясатымен байланыстырамыз - «Алеф» еврей этно-мәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Н. Горбунов

Бүгін елордада өткен дөңгелек үстел барысында Астана қаласының «Алеф» атты еврей этно-мәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Николай Горбунов осылай атап көрсетті.

Н. Горбунов Елбасы Н.Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бастамасын Қазақстандағы этно-мәдени бірлестіктердің барлығы қолдау көрсететініне сенім білдірді.

«Елімізде соңғы 20 жыл уақыт ішінде болған жаңғырулар көңілге сенім ұялатады. Халықты бастай алатын бір Көшбасшының барына, бір команданың барына мақтанамын. Ол менің Президентім, бұл менің Қазақстаным! Мен осы елдің азаматымын, мұнда менің отбасым тұрады. Сондықтан біз Отанымыздың болашағына қамқор болғымыз келеді. Біз сол болашағымызды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, оның алға қойған саясатымен байланыстырамыз»,-деді А. Горбунов агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Оның атап өткеніндей, елдегі достық, төзімділік - мемлекеттің мемлекет болып ұйысуына, экономикалық тұрақты өркендеуіне арқау болып отыр. «Тыныштық орнамаған жағдайда, қазір Үкімет қолға алып жатқан индустрияландыру жобалары, бизнестің қарыштауы, инновациялық технологиялардың игерілуі бізде болмас еді»,-дейді ол.

«Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясаты бұдан бірнеше ондаған жылдар бұрын болған саясатқа қарағанда әлдеқайда ойластырылған және ақыл таразысына салынып жасалуда. Тарихтан белгілі кейбір этностар сол кездердегі режімнен қысым көріп, күштеп жер аударылды. Тіпті Кеңес Одағы тұсында еврит тіліне тыйым салынды. Қазір біз өз ана тілімізді кең өріске сала алатындай мүмкіндікке ие болдық. Осындағы барлық халықтармен бірге тату-тәтті өмір сүріп, мемлекеттік істерді ынтымақтастықта атқарып жатырмыз»,-деп атап көрсетті Н. Горбунов.