Біз өз тағдырымыздың еркін таңдауын жасадық - Қазақстан этномәдени бірлестіктерінің сайлау қорытындысын қолдауға арналған мәлімдемесі
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Елбасы және тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы Нұрсұлтан Назарбаев жарқын жеңіске қол жеткізді.
Осыған орай еліміздегі этномәдени бірлестіктер сайлау қорытындысына қолдау таныта отырып, Нұрсұлтан Әбішұлын жеңісімен құттықтайды.
Республикалық этномәдени бірлестіктердің мәлімдемесінде айтылып өткендей, "сайлау Қазақстан халқының жақсы өмірі мен гүлденуіне бағытталған Президенттің саяси және экономикалық бастамаларына деген бүкілхалықтың қолдауын көрсетті. Біз өз тағдырымыздың таңдауын жасадық".