Біз Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында бейбітшілік пен келісімде өмір сүрудеміз

СТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Елорданың «Қазанат» атшабарында 51-ші халықаралық математика олимпиадасына қатысушылардың назарына ат спорты қойылымдары ұсынылды.
None
None

«Бүгін сіздерге арнайы әзірленген ат спорт қойылымдары көрсетілетін болады. Қазақстан - үлкен, жан-жақты ел. Бізде 130 ұлт пен ұлыс мекендейді. Біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүрудеміз. Біздің мемлекетіміздің, біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты арқасында өздеріңіз көріп отырғандай 20 жылға жуық уақыт біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүрудеміз», деп атап өтті атшабарға жиналған қонақтарға арналған сөзінде ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.

Қойылымды Қазақстан Республикасының Ұлттық ат спорты түрлері федерациясы ұйымдастырды.

Спорттық іс-шара барысында «Номад» тобының ат құлағында ойнаған өнерпаздары олимпиада қатысушыларына аударыспақ, садақ ату, қыз қуу сынды сан түрлі ұлттық ат спорты түрлерін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар