Біз саммитке дайындық барысында жақсы прогреске қол жеткіздік - АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары

АСТАНА, 28 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Біз саммитке дайындық барысында жақсы прогреске қол жеткіздік. Бұл туралы бүгін елордадағы «Шабыт» шығармашылық үйінде өткен баспасөз мәслихатында АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Томас О Милия білдірді.

Біз саммитке дайындық барысында жақсы прогреске қол жеткіздік - АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары

«АҚШ әлемнің кез -келген түпкіріндегі азаматтық қоғамға әрқашанда саяси, моральды және қаржылай қолдау көрсететін болады. Өйткені біз ұлт ретінде бетпе-бет келетін проблемаларды азаматтық сектор ұйымдары мейлінше терең қатысқанда ғана шешуге болады деп есептейміз», - деді ол.

Бұл орайда ол ЕҚЫҰ қарсаңындағы Шолу конференциясының өте жоғары деңгейде өткендігін баса айтты.

«Біз енді саммитке дайындаламыз. Біз саммитке дайындық барысында жақсы прогреске қол жеткіздік деп есептейміз», - деді Т.Милия.