Біз сияқты халқының саны аз, экономикасы даму үстіндегі елде технологиямен өркендеп, өрлеу ауадай қажет - Мемлекет басшысы

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Біз сияқты халқының саны аз, экономикасы даму үстіндегі елде технологиямен өркендеп, өрлеу ауадай қажет.

Біз сияқты халқының саны аз, экономикасы даму үстіндегі елде технологиямен өркендеп, өрлеу ауадай қажет - Мемлекет басшысы

Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында айтты.

«Қымбатты менің отандастарым! Халқымызда «ынтымақты елде бақ тұрады» деген дана сөз бар. Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік. Біз толайым табыстарға қол жеткіздік. Биік белестерді бағындырдық. Алайда, алар асуымыз әлі де алда. Біз сияқты халқының саны аз, экономикасы даму үстіндегі елде технологиямен өркендеп, өрлеу ауадай қажет. Сонда ғана төңірегімізде тұрған әлемнің алып мемлекеттері бізбен санасады. Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты - еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өсіп, өркендеуіне жол ашу. Оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу. Келер ұрпақтың жүзін жарқын ететін бұл мақсатқа біз асқан табандылықпен, ел бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз», деді Елбасы.