Біз жас алматылықтардың жетістіктерімен мақтанамыз - Бауыржан Байбек

  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек кішкентай алматылықтарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.
None
None

Қазақ мемлекеттік циркінде Алматы қаласаның әкімі атынан өткен жаңа жылдық шыршаға мегаполис басшысы қатысып, кішкентай қонақтарды құттықтады.
null 

«Біз  үнемі жас алматылықтардың жетістіктері туралы үлкен мақтанышпен айтамыз. Сендер жыл сайын халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жобалар конкурстарында үлкен марапаттарға ие болып келесіңдер. Тек 2017 жылдың өзінде ғана  алматылық оқушылар  61 алтын, 76  күміс,  90 қола медаль жеңіп алды.  Мемлекет өз кезегінде сендерге үнемі қамқорлық көрсетуде,  үздік білім алып, жан- жақты жетіліп өсу үшін  барлық жағдайларды жасауда.  Осының барлығы сендердің ақылды, денсаулығы мықты ұрпақ болып қана қоймай, Қазақстанды сүюге, оны  әлемге танытуларыңа ықпал етеді, ал біз сендер үшін  мақтанатын боламыз. Мен бүгін сендерге жүректерінің жылуын ұсынып, мерекелік концертке қатысқан барлық кішкентай әртістерге алғыс айтамын», - деді Алматы әкімі.

Айта кетейік, Алматы әкімінің жаңа жылдық шыршасына  1700-ден астам бала қатысты

Қазақ мемлекеттік циркінде өткен жаңа жылдық шыршаға оқу  озаттары, балалар  үйлерінің тәрбиеленушілері, тұрмысы төмен отбасылар балалары мен мүмкіндігі шектеулі балдырғандар қатысты. Шарада Бауыржан Байбек  алматылық оқушы Данэлия Төлешованы украиндық «Голос. Діти» шоуындағы  жеңісімен құттықтады.

«Әр баланың жетістігі- бұл барша еліміздің жетістігі. Данэлия,  барлық қазақстандықтар  сен үшін мақтанады. Саған зор табыстар тілеймін, дарынды баладан әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналуыңа тілектеспін. Мен сенің анаң  Еленаны да құттықтаймын. Әр бала жеңісінің артында ата- аналардың, әсіресе оның анасының зор еңбегі тұрады», - деді Бауыржан Байбек.
null 

Балалар үшін  «Жаңа жылдық ғажайыптар»  деп аталатын мерекелік бағдарламаны цирк артистері  дайындады, лазер шоуының жарығымен үйретілген аңдар, акробаттар, жонглерлер, клоундар және басқалары өнер көрсетті.

Мерекелік шара барысында қала әкімінің атынан кішкентай қонақтарға сыйлықтар, соның ішінде ата- аналары балаларын бақылап отыратын электронды жүйедегі GPS- сағаттар, кеңсе тауарлары, дамыту ойындары, жұмсақ ойыншықтар, граттаж бен суретшілер үшін жиынтықтар, тәтті сыйлықтар табыс етілді. 

Соңғы жаңалықтар