Біз, жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз - студент
АЛМАТЫ. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Сайлау ел болашағын айқындайтын таңдау кезеңі. Бұл жайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің география факультетінің 4-курс студенті Айбек Қойшығарин ҚазАқпарат тілшісіне өз пікірін білдірді.
«Мен бұл сайлауда өз дауысымды еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бердім. Себебі, Елбасының арқасында еліміз қарқынды дамып, бүкіл әлем алдында Қазақстанның абыройын көрсете алды», -дейді студент.
Сонымен қатар ол Елбасының сарабдал саясатының арқасында қазақстандық бірлік моделі бүкіл әлем назарына түсіп, оң бағаға ие болғандығын айтады. «Небәрі 20 жыл ішінде атқарылған іс аз емес. Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы. Алда көптеген мақсаттар, атқарылатын істер бар. Тәуелсіз Қазақстанның бағындырар белестері де алда. Осы белестерді, мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра аламыз. Біз, жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз», - дейді Айбек Қойшығарин.