Біз жеңіл өнеркәсібін ұмытқан сияқтымыз - Президент

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2011 жылы еліміздің жеңіл өнеркәсібі мен фармацевтикасы баяу дамыды.

Біз жеңіл өнеркәсібін ұмытқан сияқтымыз  - Президент

Бүгін Үкімет үйінде жұмыс кеңесін өткізген Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселеге тоқталды.

«Фармацевтика бойынша бірең-сараң жұмыстар атқарылды, бірақ жеңіл өнеркәсібі туралы біз мүлдем ұмытқан сияқтымыз. Оңтүстік Қазақстан облысында іс-қимылдың сәл-пәл көріністері байқалады. Дегенмен, бұл жұмыспен нақты айналысып жатқан біреу жоқ. Біз тері мен жүнді өңдемейміз. Неге? Осы мәселені бақылап жатқан біреу бар ма? Экономикалық даму және сауда министрлігі осы мәселені шешеді деп сенемін», - деді Н.Назарбаев.

Президент атап көрсеткендей, Индустрияландыру картасы аясында іске асқан жобалардың 60 пайызға жуығы агроөнеркәсіп пен құрылыс индустриясына тиесілі.