Біз жер мәселесі бойынша тағы бір нақты сигнал алдық - Дархан Кәлетаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Кәлетаевтың ойынша, бүгінде Конституцияның 26-бабын өзгеріссіз қалдыруға қатысты шешімнің саяси астарын іздеудің қажеті жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Иә, Конституцияның 26-бабына қатысты саналуан пікірлер бар. Оны әркім әрқалай топшылайды. Дегенмен, бұл саяси-технологиялық қадам болды ма, жоқ па, ең бастысы ол өзгеріс өтпей қалды. Сосын ол - Мемлекет басшысының шешімі ған емес, жалпы халықтың қалауы. Енді, экономикалық тұрғыда қарағанда, әрине, бұл талқылау халық үшін, соның ішінде қазақ халқы үшін жер мәселесінің экономикалық емес, киелі сипатқа ие екенін көрсетті. Осы мәселеге қатысты біз тағы бір мәрте нақты сигнал алдық », - деді Кәлетаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Сенатор Президент өкілеттіліктерін Үкіметпен Парламент бөлуді үлкен саяси реформалардың бастамасы деп санайды. «Қазіргі кезде әлемдегі жағдай тыныш емес екенін бәріміз жақсы білеміз. Көрші елдер, керісінше, президенттік билікті күшейтіп жатыр. Ал Қазақстан Президенті өз өкілеттіліктерін таратып беріп отыр. Бұл - батыл әрі құрметке ие қадам. Меніңше, осының бәрі - үлкен саяси реформалардың басы», - деп атап көрсетті сенатор.

Айта кетейік, бүгінгі брифинг кезінде Дархан Кәлетаев террористік қылмыстармен қатар елдің аса маңызды мүдделеріне зиян келтіргені үшін азаматтықтан айыру жазасына қатысты конституциялық өзгерістерге түсініктеме берді . 

Соңғы жаңалықтар