Бізде елдегі қылмыстық жағдайға ықпал ете алатын «заңдастырылған ұрылар» жоқ - Б.Мұхамеджанов

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қазақстанда ТМД-ға мүше өзге мемлекеттерге қарағанда, елдегі қылмыстық жағдайға ықпал ете алатын «заңдастырылған ұрылар» мен қылмыстық әлемнің белсенділері жоқ.
None
None
Бұны бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен алқа мәжілісінде Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Ұйымдасқан қылмыстық әрекеттердің ара-тұра бой көрсетіп жататыны рас. Олармен күрес Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура органы қызметкерлерімен бірлескен түрде жүргізілуде. Бұл бағытта біз заң аясындағы барлық шараларды қолданып отырмыз», деді министр.Оның мәліметтері бойынша, тәртіп сақшылары өткен бір жылдың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың 55 басшысы мен 250 мүшесін құрықтаған және олардан өте көп мөлшерде қару-жарақтар мен есірткі тәркіленген.
Соңғы жаңалықтар