Бізде ет өндірісін дамыту бойынша нақты жобалар бар ? «ҚазАгро» ұлттық холдингі

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздің үш облысында мал сою орындарын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың сауалына жауап берген «ҚазАгро» ұлттық холдингінің төрағасы Асылжан Мамытбеков мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өткен жылғы құрғақшылық кезінде оңтүстік аймақтарда орын алған малды жаппай союға байланысты алаңдаушылық білдірген К.Мәсімов елімізде, әсіресе, республиканың оңтүстік өңірлерінде ет өңдеу кәсіпорындарын ашу маңыздылығына тоқталды. Осы мәселе бойынша есеп берген «ҚазАгро» ұлттық холдингінің төрағасы Асылжан Мамытбеков: «Бүгінде арнайы жоба аясында мал сою орындарын үш аймақта ? Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ашу көзделіп отыр. Іске асырылатын аталмыш ілкі жоба бойынша мал етін тек сойып, бөлу ғана қарастырылған. Ал осы орындарды жоғарыда аталған үш облыста ашудың себебі, бүгінде тек осы үш аймақ қана Ресейге ет өнімдерін экспорттай алады», - дейді А.Мамытбеков.Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда республикада өндіріліп жатқан ет өнімдері тек ел халқының сұранысын ғана өтеуге жетіп отыр. Ал халықаралық талаптарға сай ет сою орындарын ашу арқылы біз ет өнімдерін экспорттаудың жаңа әрі тиімді жолдарына қол жеткіземіз», - деді Асылжан Мамытбеков. Сондай-ақ отырыс барысында елімізде жүн өнеркәсібін қолға алу мәселесі бойынша қойылған сауалға жауап берген А. Мамытбеков елімізде биязы қой жүнін өңдейтін кәсіпорындарды ашу жоспарда бар екендігін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар