Бізде игерілмей жатқан латифундистердің меншігіндегі жерлер көп - Олжас Сыздықов

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерінің тапшылығы қолдан жасалып отыр. Бұл туралы Көкшетауда «Ақмола облысындағы ауыл кәсіпкерлерінің мәселесі және агроөнеркәсіп саласында отандық өнім өндірушілер мен қайта өндеушілерді қолдау шаралары қажеттігі туралы» тақырыбымен онлайн өткен дөңгелек үстелде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстанның коммунистік халық партиясының (ҚКХП) Ақмола облыстық комитеті ұйымдастырған шараға жергілікті фермерлер, шаруа қожалықтарының басшылары мен тауар өндірушілер, прокуратура, «Атамекен» кәсіпкерлер платасы және жер қатынастары басқармасының өкілдері қатысты.

«Асат» шаруа қожалығының басшысы Мұрат Молдахметовтың айтуынша, отандық аграрлы саланың әлеуетін көтеруде біраз мәселе бар.

«Соңғы екі-үш жыл ішінде біраз кемшіліктер орын алды. Бірінші кезекте агроөнеркәсіп суъектілеріне ауыл шаруашылығы жерлерін бөлуде», - дейді ол. – Жер телімдері бақылаусыз, ірі көлемде үлкен фирмаларға бөлінді. Оның көлемі 1 миллион гектардан асады. Биылдың өзінде оның жартысынан астамына тұқым себілмеген.

Шаруа қожалығының басшысы мысал ретінде Зеренді ауданындағы жағдайды айтты. 33 гектар егістік алқаптың 18 мың гектарына тұқым себіліпті. Ал қалғандары жалға берілген немесе арамшөп басып кеткен.


Осы ретте, ҚКХП Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Олжас Сыздықов атап өткендей, ресурстардың осылай бөлінуі салдарынан нақты мал шаруашылығымен айналысып жатқан шаруалар жайылымдық жер таппай қиналған.

«Бүгінгі күні бізде игерілмей жатқан латифундистердің меншігіндегі жерлер көп. Мемлекет басшысы осы салада тәртіп орнатуға шақырып отыр. Талдау және бақылау жүйесін қатайту керек», - деді коммунист.

Сонымен бірге, жиында аграрлық салаға субсидия бөлу, қазақстандықтардың отандық тауар өндірушілер шығаратын ауыл шаруашылығы тауарларын әлеуметтік бағаға алуы үшін азық-түлік ваучерін құру туралы мәселелер айтылды.



Соңғы жаңалықтар