Бізде кәсіпкерлерге қолдаудан гөрі оларды бақылайтын функция көп - Елбасы

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бізде кәсіпкерлерге қолдаудан гөрі оларды бақылайтын функция көп. Бүгін Ақордада еліміздің өткен 9 айының даму қорытындыларына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Бізде кәсіпкерлерге қолдаудан гөрі оларды бақылайтын функция көп - Елбасы

Елбасының айтуынша, кәсіпкерлерді тексеретін санэпидқадағалауда 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ал Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде кәсіпкерлер үшін кешендерді қалыптастыратын органда бар-жоғы 200 адам қызмет етеді. «Мен 100 инновациямен жұмыс туралы тапсырма бердім. Бағдарлама жұмыс істеген уақыттан бері тек бір ғана жобаға 100 миллион теңгенің инновациялық гранты берілген», - деді Н. Назарбаев.