Бізде қазақ жігіттері билейтін биді қоятын маман жоқ - Мұхтар Құл-Мұхаммед

АЛМАТЫ. Маусымның 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бізде қазақ жігіттері билейтін биді қоятын маман жоқ. Оны Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед сенбі күні Алматыда Қазақтың Ғ. Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында болған кезде айтты,

Бізде қазақ жігіттері билейтін биді қоятын маман жоқ  - Мұхтар Құл-Мұхаммед

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Театрда Шыңғыс Айтматовтың "Арманым, Әселім" хикаяты бойынша қойылған "Қызыл орамалды шынарым" деген драманың премьерасы жүріп жатқан еді. Инсценировканың жаңа нұсқасын жасаған қоюшы-режиссері, театрдың көркемдік жетекшісі және директоры Талғат Теменов. Оның айтуынша, бұл қойылымда бірнеше дебютант өз өнерін сәтті көрсетіп шықты. Мәселен, билерді қойған Құралай Сарқытбаеваның бұл тұңғыш жұмысы болса, Аида Жантілеуова (Әсел), Жұлдызбек Жұманбай (Ілияс) мен Еділ Рамазановтың (Байтемір) алғашқы басты рөлдері. Театр сахнасындағы тұңғыш рөлі болғанына қарамастан Аида өткен аптада Алматыда өткен ІІІ Орталық Азия елдерінің халықаралық театр фестивалінде "Ең үздік әйел рөлін сомдаған актриса" жүлдесін жеңіп алды.

"Мен биді қоюшы емес, педагогпын. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында жұмыс жасаймын. Бұл менің би қоюшы ретіндегі алғашқы жұмысым болды. Сеніп шақырған театр басшысы Талғат Теменовке алғысым шексіз. Маған қазақтың ұлттық билері қатты ұнайды. Біздің опера және балет театры ұлттық билерге баса көңіл бөледі. Жалпы қазақ пен қырғыздың билері ұқсас. Бұл би қойылымын 2-3 айда дайындадым. Бұл жерде музыка да өте тамаша болды", дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құралай Сарқытбаева.