Біздер тек рецессияның алдын алып қана қойғанымыз жоқ, экономиканың өсуіне қол жеткіздік - ҚР Президенті

ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Елімізде 730 шақырым - электр желілері, 1000 шақырымнан астам - сумен жабдықтау желілері және 280 шақырым жылу желілері жөндеуден өткізілді. «Жол картасы» бағдарламасының арқасында автомобиль жолдарының үштен бірі, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет және спорт нысандары жөндеуден өткізілді.

Біздер тек рецессияның алдын алып қана қойғанымыз жоқ, экономиканың өсуіне қол жеткіздік - ҚР Президенті

Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Мемлекет басшысы бұл жалаң сандар болып көрінгенімен, қыруар жұмыстардың атқарылғанын атады.

«Сіздер жақсы білесіздер, өздеріңізге адамдардың қаншалықты риза болғанын, - деді Елбасы Парламент қос палатасының депутаттарына. - Мұндай жұмыстарды біздер алғаш рет өткіздік және оны жақсы атқардық. Барлығы да менің және Үкіметтің бақылауымен жедел және жария түрде өтті. Біздер тек рецессияның алдын алып қана қойғанымыз жоқ, экономиканың 1,1 пайызға және өнеркәсіптің 1,7 пайызға өсуіне қол жеткіздік».

Мемлекет басшысы Тұрақтандыру қоры активтерінің 50 млрд. АҚШ долларынан асқанын және соңғы 10 жылда 25 есе өскенін атады.

Мемлекет басшысы «Жол картасы» бағдарламасының елді дамудың жаңа кезеңіне шығару бойынша жаңа онжылдықтағы алда тұрған үлкен жұмыстың өзіндік даярлығы болғанын атады.