Біздің агенттікте көп жылдар қызмет атқарған спорт және журналистика ардагері Орал Қаймирасов өмірден өтті

АЛМАТЫ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Елена Ильинская – Бүгін Алматы жұртшылығы қазақстандық танымал журналист, отандық спорт ардагері, коньки спортынан халықаралық санаттағы судья, ТАСС және Қазақстан журналистер одағының лауреаты Орал Қаймирасовпен қоштасуда, ол қала ауруханаларының бірінде қайтыс болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ол Қазақстанға 1944 жылы Башқұртстаннан келді. Армия қатарында борышын өтегеннен кейін 1958 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ға (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) журналистика факультетіне түсті. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Ленинская смена» газетінде біраз жұмыс істеп, 1963 жылы ҚазТАГ-тің спорт редакциясына ауысты. Міне осында оның шынайы журналистік шеберлігі ашылды. Ол мұнда 30 жыл қызмет атқарды. Соңғы жылдары О.Қаймирасов ҚР Бильярд федерациясының баспасөз атташесі қызметін атқарып келді.
Соңғы жаңалықтар