Біздің әрқайсысымыз қаһарман бола аламыз және болуға тиіспіз! - Азаматтық Альянс пен «Бірлігіміз жарасқан!», «Мы - одна команда!» сыйлығы қоғамдық кеңесінiң үндеуi
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Кеше «Бірлігіміз жарасқан!» ұлттық сыйлығының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Азаматтық Альянс пен «Бірлігіміз жарасқан!», «Мы - одна команда!» сыйлығы қоғамдық кеңесінен.
Айта кетер жайт, сыйлық қаһармандарын олардың азаматтық, моралдық және рухани ерлiктерін өз көзімен көрген белгілі адамдар таңдайды. Олардың арасында танымал қазақстандықтар - қоғам қайраткерлері, журналистер, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар бар.
Сыйлық қоғамға қызмет етудегi жоғары жетістіктері, кәсiби қызметтегi табыстары, қайрымдылық пен азаматтық ерлiктері, отан сүйгiштiгі үшін беріледі және мемлекеттiк немесе саяси марапат болып табылмайды.
Әрбiр қалаушы өз кандидатын оның адамгершiлiгін немесе ерлігін сипаттай отырып ұсына алады. Сыйлықтың номинанттары Қазақстанның қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiне және рухани-адамгершiлiк құндылықтарының дамуына баға жетпес үлес қосқан кез келген азамат немесе қазақстандық топ бола алады.
Біздің әрқайсысымыз өз орнымызда күн сайын үлкенді-кішілі, бірақ жарқын да тамаша істер атқарамыз. Отбасымыз үшін, еліміз үшін, достарымыз үшін. Бiздiң адамдардың тiршiлiк күшінiң коды - бiздiң жеріміздің ұлылығы мен айбарының коды осында!
Батырлар біздің арамызда! Біздің әрқайсысымыз қаһарман бола аламыз және болуға тиіспіз! Ал басымыз біріккен біздер - тек қана алға қадам басқан қазақстандықтардың ортақ мықты тобымыз! Бірлігіміз жарасқан!
Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты отандастар!
Шынымен де азаматтық ерлік жасаған өз жақындастарыңызды, достарыңызды, әріптестеріңізді ұсыныңыз! Қоғам, ел және туған өлке игілігі үшін сөз жүзінде емес, іс жүзінде аянбай еңбек етеді.
Ел өз қаһарманын білуі керек!
Сыйлыққа өз номинанттарыңызды ұсыну үшін Шолпан Байболоваға хабарласыңыз, тел: 8 727 327 27 12, 387 28 76 немесе email info@lichnost.kz , интернет порталдары www. khabar.kz, www.ktk.kz
Номинанттар туралы хаттарды (аты-жөнін, ерліктері мен жетістіктерін, байланыс нөмірлерін) 050051 Алматы қаласы, Достық даңғылы 91/ 1, №3 а/ж мекен-жайына жіберулеріңіз қажет.
Азаматтық Альянстың байланыс телефоны: 8 7172 21 41 05.