Біздің экономикамызға постиндустриялық формацияның инженерлері керек - Елбасы

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Биыл оқуға түскен студенттердің көбісі біржылдық базалық курстан кейін инженерлік мамандықтарға оқуды жоспарлап отыр екен, бұл жағымды жаңалық, деп атап көрсетті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Назарбаев Университетінде» оқыған дәрісі кезінде.

Біздің  экономикамызға      постиндустриялық  формацияның  инженерлері керек -  Елбасы

«Қазіргі таңда елімізде жалпы сомасы 50 миллиардтай доллардың индустриялық жобалары жүзеге асырылуда. Тек қана ағымдағы жылдың өзінде 150-ге жуық өнеркәсіп нысаны іске қосылады. Өңірлерді қоса есептегенде, олардың саны бірнеше жүздеген нысанға жетіп қалады.

Еліміздің инновациялық инфрақұрылымына бес даму институты, тоғыз технопарк кіріп отыр, және тағы екі конструкторлық бюро бар, оған қоса биыл тағы үш осындай бюро салынады», деп атап көрсетті Елбасы өз сөзінде.

«Ол кәсіпорындар, институттар мен конструкторлық бюролар осы университеттің болашақ түлектерін күтеді, оның үстіне биыл оқуға түскен студенттердің көбісі біржылдық базалық курстан кейін инженерлік мамандық бойынша білімдерін ұштауды жоспарлап отыр екен. Бұл мен үшін жағымды жаңалық. Бұл дұрыс таңдау. Біздің экономикамызға постиндустриялық формацияның инженер кадрлары қажет-ақ»,- деді Президент өз сөзінде.