Біздің елдегі сайлауда жастар арасындағы мұндай белсенділікті көрмейтін едік - Австрия бақылаушысы
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Біздің елдегі сайлауда жастар арасындағы мұндай белсенділікті көрмейтін едік»,-деді бүгін Астанада өткен брифингте Австрияның ТМД елдері бойынша Федералды экономикалық палатасының кеңесшісі Гюнтер Рихтер.
«Әсіресе, мені дауыс беруге келген жастардың саны таңқалдырды. Егер біз Австриямен салыстыратын болсақ, осы сынды сайлауда біз дауыс беруге келгендердің ішінде көбіне- көп тек қарт кісілердің қатары басым болғанын байқаймыз. Сайлау учаскелерінің алдында осыншама кезекті де көрмейтін болар едік. Жастардың бұқаралық қатысуы, сіздердің жетістіктеріңізді тағы бір дәлелдейді»,-деді ол өз сөзінде.
Байқаушылардың айтуынша, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жоғары сапада ұйымдастырылды және халықаралық талаптарға сай өтті.