Біздің еліміз БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы барлық негізгі конвенцияларын ратификациялады - Қайрат Мәми
Бұл жетістік біздің еліміздің адам құқықтары саласындағы сіңірген еңбегін және халықаралық беделін танығандық болып табылады. Бұл туралы өзінің блогында Қазақстан Республикасы Сенатының төрағасы Қайрат Мәми атап өтті.
«Бізде гендердік теңдік, діни наным-сенім бостандығы, халықтың әлеуметтік әлсіз жіктерін қолдау қамтамасыз етілуде. Дағдарыс кезеңінде мемлекет үлескерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғап қалды.
Еліміз БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы барлық негізгі конвенцияларын ратификациялады. Бұл жұмыс үздіксіз жүргізілуде, мәселен, кеше Мемлекет басшысы халықаралық балаларды ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялайтын заңға қол қойды.
Қазақстан Парламенті өз тарапынан азаматтардың құқықтарын қорғау, азаматтық қоғам институттарын нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты заңнамалық қолдау қызметін жалғастырады», - деп хабарланды блогта.