Біздің еліміздегі интернеттің бағасы басқа елдердегіден әлденеше есе қымбат - Борис Жапаров

АЛМАТЫ. 20 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қоғамды интернетпен қамтамасыз ету қазір коммерциялық мекемелердің ақша табумен айналысу мәселесі болып жатыр.

Біздің еліміздегі интернеттің бағасы басқа елдердегіден әлденеше есе қымбат  -  Борис Жапаров

Оны Қазақстанның Ғылым-білім компьютерлік желілерін қолданушылар қауымдастығының (KazRENA) Бас директоры Борис Жапаров бүгін Алматыда өтіп жатқан "IРv6 хаттамасына көшу" тренингінде айтты.

"Интернеттің дамуына мемлекет тарапынан көңіл бөлінуі керек. Біздің еліміздегі интернеттің бағасы Қытаймен салыстырғанда 60 есе, Еуропамен салыстырғанда 100 есе қымбат", - дейді техника ғылымдарының докторы, профессор Борис Жапаров. Оның айтуынша, интернетті дамытуға қолданушылар тарапынан ынта бар. Бірақ оны төлей алатын қаражат жоқ. Биыл "Қазақтелеком" АҚ интернет бағасын 40-50 пайызға арзандатуға шешім қабылдады. Бірақ ол да жеткіліксіз. Интернетті ұлттық мәселе деңгейінде көтеріп, шешу жолын қарастырмасақ экономикалық дамуда артта қалуымыз мүмкін.