Біздің емханаларда кезектер жойылды - Астана әкімінің орынбасары

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың айтуынша, елорда емханаларында кезектер жойылды. Бұл туралы бүгін ол ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның Астана қаласының медицина қызметкерлерімен кездесуі барысында мәлім етті.

«Бүгінде қала бойынша нақты нәтижелер бар, яғни шағымдардың төмендеуі байқалды. Бүгінде емханалық кешендерде кезектер жоқ деп айта аламыз. Бұған соңғы жарты жылда жүргізілген ақпараттандыру бойынша жобаны жүзеге асыру ықпал етті», - деді әкімнің орынбасары.

Бұдан бөлек Е. Аманшаев «Электронды медициналық карта» жобасын іске қосу тақырыбына тоқталды.

«Жылдың соңына қарай электронды медициналық картасымен қаланың барлық халқын қамтуды жоспарлап отырмыз. Жоба түрлі форматтарда жүзеге асырылады, оның ішінде онлайн режімде бірнеше тілде іске қосылады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар