17:07, 13 Наурыз 2009 | GMT +5
Біздің еңбекқор халқымыз бұл дағдарыстан да лайықты өте алады ? жас маманның пікірі
АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - 2008 жылғы қазанның 10-нда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Мемлекет басшыларының кеңесінде 2009 жылды «Жастар жылы» деп жариялау туралы шешім қабылданды.
Бұл бастама жастар саясатының негізгі тетіктерін іс жүзіне асыруға бағытталып отыр. Ел болашағы ? жастардың қолында. Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы - жас маман Нұриддин Аманқұл әлемдік қаржы дағдарысының әсері жөнінде өз ойымен бөлісті.Нұридден Аманқұлдың пікірінше, қазіргі заманғы экономикалық дағдарыс ? нарықтық қауіп-қатерлерді жеткілікті бағаламаудың қисынды салдары. Дағдарыстың пайда болуына әлемдік экономикадағы және әлемдік қарым-қатынастағы бірқатар келеңсіз жағдайлар әсер етті.
«Қазіргі заманның жағдайында Қазақстан 3 өзекті бағытта жұмыс істеуі тиіс деп ойлаймын. Біріншіден, макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау және халықтың сұранысын ынталандыру; екіншіден, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру, отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру және үшіншіден, инфрақұрылымдық жобаларға, ірі ғылыми, инновациялық жаңашылдықтар мен білім беруге баса назар аудару қажет. Осы айтылған ой дағдарыстың аяқталуы кезеңінде бар әлемде Қазақстанның экономикалық ұстанымын нығайтуы тиіс», - деп атап өтті сарапшы.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа Жолдауында бұл әлемдік қаржы дағдарысынан шығудың бірнеше жолдарын көрсетіп: «Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдай анық. Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады», - деп атап өтті.Бізге қазір жақсыға үміттеніп, дағдарысты еңсеру жөнінде тиімді шешімдер қабылдау керек. Дағдарыс ең алдымен, экономиканы қайта құру және жаңғырту мүмкіндігі екендігін ұмытпаған жөн. Қазақстанның экономикалық жүйесі бүгінде осы мүмкіндіктерге мұқтаж. Ең бастысы, әлемдік дағдарыс кезеңінде қоғамның басым міндеттерін дұрыс белгілеу маңызды. «Менің ойымша, басты міндет ? Елбасының төңірегінде шоғырланып, одан әрі даму және еліміздің ұлттық экономикасының барлық секторларын жаңғырту жөніндегі сенімді реформаларды жүргізу болып табылады. Біздің еліміз егемендік алғалы бері көптеген қиындықтарға тап болды. Бірақ біз оларды еңсере алдық. Біздің еңбекқор халқымыз бұл дағдарыстан да лайықты өте алады», - деп атап өтті Н.Аманқұл.