Біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасырда шыққан әлем картасы бәссаудаға шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте Christie's аукцион үйі біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасырда ежелгі грек ғалым Клавдий Птолемей құрастырған, XV Германияда басылып шыққан әлем картасын бәссаудаға шығарады.
None
None

Птолемейдің бұл картасы ( 90-168 жылдар шамасында) еуропалықтардың географиялық мәлімет алудағы негізгі көзі болды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Жексенбі күні Christie's өкілі бәссаудаға қойылған картаның 1482 жылы Ульма қаласында - Христофор Колумбтың Американы ашуынан 10 жыл бұрын басылып шыққандығын мәлім етті.

Бәссауда үйіндегілер қолдан боялған картаның өте тамаша сақталғандығын, 180-240 мың долларға сатылады деп күтіліп отырғандығын атап өтті. Сауда 1 сәуірде өткізілмек.

Соңғы жаңалықтар